Астананың Е 306 көшесінде жөндеу жүргізіледі

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ елордалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, Сарайшық көшесінен Сығанаққа дейінгі учаскеде Е 306 көшесін жөндеу жүргізетінін хабарлайды.</h4>

 30 Мамыр 2021 2021, 19:14
30 Мамыр 2021 2021, 19:14
1552

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ елордалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, Сарайшық көшесінен Сығанаққа дейінгі учаскеде Е 306 көшесін жөндеу жүргізетінін хабарлайды.

Осыған байланысты осы жылдың 31 мамырынан 15 маусымына дейін Төле би көшесінің қиылысындағы ЕК-32 көшесінде автокөлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Сол сияқты мұнда жылу желілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген басқарма хабарламасында.

 


Наверх