Астананың барлық ауданында көктемгі тазалық басталды

Қаланың барлық ауданында жұмыс белсенді жүріп жатыр.

 Астана қаласының әкімдігі Бүгiн 2026, 21:06
Бүгiн 2026, 21:06
81
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада қыс мезгілінен кейін қаланы санитарлық тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Жалпы тазалық аясында қоршаулар, аялдамалар, жарық бағаналары, жол белгілері, жолдар мен тротуарлар жуылып, ретке келтірілуде. Сонымен қатар аулалар, скверлер мен саябақтарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған.

Қаланың барлық ауданында жұмыс белсенді жүріп жатыр. Нұра ауданында аумақтарды тазалау мен абаттандыру жүйелі түрде жүргізілсе, Байқоңыр ауданында аулалар мен қоғамдық орындарды жаңарту басталған. Алматы ауданында күн сайын 300-ге жуық жұмысшы мен 250-ден астам техника жұмылдырылған.

Есіл ауданында жолдар мен инфрақұрылым жуылып, тас төсемелер мен тіреу қабырғалары қалпына келтірілуде. Сарыарқа ауданында жолдар, жерасты өткелдері мен аула аумақтары тазаланса, Сарайшық ауданында қар шығару, қоқыс жинау және жол жиегін ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда қаланың алты ауданында да санитарлық тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Арнайы техниканың көмегімен жолдар мен тротуарлар тазаланып, жасыл аймақтар ретке келтірілуде.

Наверх