Астана ТЖД маңызды ақпаратты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл қызмет желісі ("101", "112") қалыпқа келтірілді. 101 және 112 шұғыл қызмет желісінің нөмірлері штаттық жағдайда жұмыс істеп тұр, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін байланыс желісі бойынша техникалық ақауларға байланысты Астана қаласында ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл қызмет ("101", "112") желілері ажыратылған еді.