Астанада қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Таңертең елорданың көшелері мен жолдарын қардан тазартуға 2000-нан астам жол жұмысшы мен 1000-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды.
Қар тазалау жұмысы ерекше назарға алынып, белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3,9 миллион текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 312 723 рейс жасалды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, 15 сәуірде елордада көшпелі бұлт, кейде қар, аздап боран, көктайғақ күтіледі.
Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
Түнде және күндіз ауа температурасы -5-7 градусқа дейін күрт төмендеуі күтіледі. Қала тұрғындары мен қонақтары сақ болып, көктайғақ кезінде қозғалыс ережесін сақтауы қажет. Көлік жүргізу кезінде жылдамдық режимі мен қашықтықты қатаң сақтау керек, - деп ескертті қала әкімдігі.