Астаналықтарды жарықсыз қалдырған қылмыстық топ ұсталды

13 желтоқсанда қаланың сол жағалауында белгісіз біреулер қосалқы станцияның кабелін ұрлап кеткен еді.

14 Желтоқсан 2024 2024, 18:15
 14 Желтоқсан 2024 2024, 18:15
14 Желтоқсан 2024 2024, 18:15
707

13 желтоқсанда қаланың сол жағалауында белгісіз біреулер қосалқы станцияның кабелін ұрлап кеткен еді. 

Салдарынан сол жағалаудағы бірқатар тұрғын үй кешені жарықсыз қалды. Төрт адам жерасты құдықтарға түнгі уақытта канализациялық люктар арқылы түсіп, кабельдерді ұрлаған. 

Оларды тазалап, металл қабылдайтын жерде тапсырып үлгерген. Күдіктілер қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Наверх