Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астаналықтар күн сайын 1200 тонна қоқыс тастайды

25 Қараша 2025, 12:20
374
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Астана аумағынан күн сайын 1 200 тонна қалдық жиналады. Бұл туралы елорда әкім Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мегаполис әкімі 2026–2030 жылдарға арналған Қалдықтарды басқару тұжырымдамасы жобасын ұсынды. Айтуынша, құжат инфрақұрылымды дұрыс жоспарлауға және нормативтерді тиімді есептеп, оңтайлы тарифтер белгілеуге мүмкіндік береді.

Тарифті нақты жұмыс көлеміне байланыстыру көзделіп отыр, сонымен қатар операциялық және инвестициялық шығындарды есепке алу, дұрыс емес деректерді түзету, инвестициялар үшін тартымды орта қалыптастыру мәселелері ескеріледі. Елорда үшін бұл – тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету, техниканы жаңарту, сұрыптау қуаттарын кеңейту, жаңа технологияларды енгізу мүмкіндіктері, - деп атап өтті Астана басшысы.

Сонымен қатар ол елордада алғаш рет коммуналдық және құрылыс қалдықтарымен жұмыстың барлық кезеңдері цифрландырылғанын алға тартты.

Коммуналдық қалдықтар бағыты бойынша «Waste Management» ақпараттық жүйесі енгізілген.

Нәтижелері:

  • қызметтердің 100% қамтылуы және уақтылы көрсетілуі;
  • шағымдардың саны аптасына 200-ден 1–2-ге дейін қысқарып, яғни 99%-ға төмендеуі;
  • жолдағы кептелістер мен ауа райы жағдайларын ескере отырып, маршруттарды оңтайландыру;
  • қоқыс шығару жұмыстарының «дейінгі» және «кейінгі» кезеңдерін GPS бақылау және фототіркеу арқылы қадағалау;
  • деректерді жасанды интеллект элементтерін қолдану арқылы талдау.

Жүйе күн сайын қоқыс шығару жиілігі мен іске тартылатын техниканың көлемі бойынша ұсыныстар беріп отырады. Бұл қаланың қарқынды өсімі жағдайында өте маңызды. Құрылыс қалдықтары бойынша «Smart Waste» платформасы іске қосылды. Барлық құрылыс алаңдары мен бұзылатын объектілер туралы ақпарат енді бірыңғай цифрлық картада жинақталған. Жүйе тасымалдаушылармен және қайта өңдеушілермен электрондық шарттар қалыптастырады, GPS арқылы қатты қалдықтарды жинау маршруттарын қадағалайды, қалдықтардың жоспарлы және нақты көлемін салыстырады, - деді Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы