Қазақстандық жас шахматшы Кәрім Айтжан Латвияның экс-министрі, гроссмейстер Дана Рейзнице-Озоланы жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан шахмат федерациясының сайтына сілтеме жасап.
Латвиялық шахматшы Алматы және Астана академияларының 24 студентімен ойнаған. 8 жастағы қазақстандық қатысқан ойын ең ұзаққа созылған ойынның бірі болған.
Мен шахматтан мақсатыма жету, көп еңбек ету және уақытты бағалау сияқты көп нәрсені үйрендім. Шахматта ғана емес, өмірде көп жетістікке жеткіңіз келсе, бұл ойын сізге көмектеседі! Тек көп еңбек ету керек, сонда ғана жетістікке жетесіз! - деді Дана Рейзнице-Озола сессияның жас қатысушыларына.
Ал латвиялық гроссмейстер елордалық шахмат мектебінің оқушысымен ойнағанда ұзақ ойланған.
Елордалық шахмат мектебінің оқушысы 8 жастағы Кәрім Айтжанның тақтасында гроссмейстер Дана Рейзнице-Озола әдеттегіден ұзағырақ тұрып, жүрістері туралы ұзақ ойланды. Нәтижесінде блиц бойынша Азияның күміс жүлдегері Кәрім Айтжан гроссмейстермен өткен ойында жеңіске жетті, - делінген Қазақстан Шахмат федерациясының хабарламасында.
Кәрім Айтжан Дана Рейзнице-Озоланы жеңіп кеткеніне алғашқыда сенбегенін айтады.
Жеңгеніме сенбедім. Гроссмейстермен ойнаудың артықшылығын көрдім, тіпті тепе тең де ойнадық, бірақ кейін мен ойынның бағытын өзгерте бастадым. Әрине, бұл оңай болған жоқ. Гроссмейстермен ойнау қиын", - дейді жас шахматшы.
Айта кетейік, гроссмейстер Рейзнице-Озола ФИДЕ басқарушы директоры қызметін атқарады. Бұрын ол Латвияның Экономика және Қаржы министрліктерін басқарған.