Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астаналық қыз лифтте қалып қойды

13 Маусым 2025, 09:14
652
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
VIDEO
Фото: BAQ.KZ - архив

Астаналық қыз лифтте қалып қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада құтқарушылар лифтте қалып қойған қызды құтқарды. 

Түнде лифтте қалып қойған қыз 112 қызметіне хабарласып, өзінің Нұра ауданы, Тұран даңғылында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде 7-қабатта лифтте қалып қойғаны туралы хабарлады. 

Шақырту орнына келген жедел-құтқару жасағы арнайы лифт кілтінің көмегімен кабинаның есігін ашып, 2004 ж.т. тұрғынды босатты. Оқиға сәтті аяқталып, өтініш берушіге медициналық көмек қажет болмады, деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Өзгелердің жаңалығы