Астаналық Ақмарал Науатбек Бакуде өтіп жатқан Парадзюдодан әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ қызы, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жартылай финалда тайпэйлік Ли Кай Линді жеңген жерлесіміз, финалда Ауриерес Мартинетпен кездеседі. Атап өткен жөн, Мартинет паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері.
Өз кезегінде ерлер арасында 73 келідегі жерлесіміз Ерғали Шамей Румыниялық Александро Бологадан басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды.
Сонымен қатар, отандасымыз Федосова мен Олжас Оразалы әлем чемпионатының қоласы үшін күресетін болады.
Финалдық белдесулер елорда уақытымен сағат 19:00 де өтеді.
Әлемнің 40 тан астам елінен 300 ден аса спортшы бақ сынап жатқан байрақты бәсекеде ел намысын 18 парадзюдошы қорғауда.