Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астаналық оқушылар 400 қақпақтан Қазақстан картасын жасады

16 Қазан 2025, 08:11
661
Бөлісу:
 Астана қаласы әкімдігі
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордадағы №55 орта мектеп оқушылары "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" атты кең ауқымды экологиялық акция аясында ерекше жоба жүзеге асырды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасө қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқушылар тұрмыста қажетсіз болып көрінетін пластик қақпақтарды қайта өңдеп, 400-ге жуық бөтелке қақпағынан Қазақстанның көлемді картасын құрастырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жобаның басты мақсаты – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттыру, қоқысты сұрыптап, қайта пайдалану мәдениетін қалыптастыру. Бұл игі бастаманы мектептің «Экоәлем» бағыты бойынша жетекшісі Данар Төлегенова ұйымдастырды.

5-11 сыныптар арасында өткен қақпақ жинау сайысы оқушылардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Барлығы 832 қақпақ жиналып, оның 397-сі көлемді карта жасауға пайдаланылды. Қалған бөлігі алдағы экологиялық жобаларға сақталып қойылды.

Картаны құрастыру жұмысына 5-6 сыныптың «Экоәлем» көшбасшылары мен белсенді ата-аналар да атсалысты. Бірлесе жұмыс істеу балалардың ынтасын арттырып, табиғатты қорғауға деген көзқарасын нығайтты.

Бұл жоба – жас ұрпақтың экологиялық сана-сезімінің артып келе жатқанын көрсететін айқын мысал. Пластик қақпақтардан жасалған Қазақстан картасы оқушылардың шығармашылық қабілетін ғана емес, туған жерге деген сүйіспеншілігін де паш етті.

Өзгелердің жаңалығы