Астаналық оқушыға тұңғыш рет "ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері" атағы берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аңсат Исатайұлы Алдияр "ҚР еңбек сіңірген спорт шебері" атағына ие болды. Бұл – елімізде мектеп оқушысына тұңғыш рет беріліп отырған мәртебелі марапат.
Жас шахматшы Алдияр Қазақстан спортының мақтанышы. Ол әлемдік деңгейдегі түрлі беделді додаларда қарсыластарын шаң қаптырып, талай рет жеңімпаз атанды. Әлем чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде топ жарып, еліміздің атын танытып, көк туымызды биікте желбіреткен жас әлем чемпионы, - деп жазылған Астана қаласы әкімдігінің хабарламасында.