Астаналық оқушы бес жасар баланы құтқарып қалды

29 Мамыр 2024, 16:10
1278
Бөлісу:
Астаналық оқушы бес жасар баланы құтқарып қалды
VIDEO
Фото: елорда әкімдігінің сайты

Елордада №52 мектеп-гимназияның 11 "А" сынып оқушысы Марлен Көшербай бүлдіршінді судан аман алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқыс оқиға 12 мамырда болған.

Сағат 11:00 шамасында Марленнің қарындасы оны оятып, өзенде бала суға батып бара жатқанын айтқан. Марлен үйдің жанындағы өзенге жүгіріп, балаға көмек көрсеткен, - деді әкімдіктегілер. 

Марлен Көшербай мектепте үздік оқиды, спортпен белсенді түрде айналысады. 

Жасөспірімнің сөзінше, баланың оқыс оқиғаға тап болғанын көрген кезде еш ойланбастан суға қарай беттеген. 

Бүгін ерлік көрсеткен Марлен Астана қаласы ТЖД және Білім басқармасы атынан марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы