Астаналық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты

Кеше, 19:42
367
Бөлісу:
Астаналық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты
PHOTO
Фото: Астана қаласы білім басқармасынан

Астана қаласындағы 38 мектеп-лицейінің 7 «Д» сынып оқушысы Бақтығали Ерланұлы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әр нәрсеге қызығушылық танытып, қоғамдық ортаның тазалығына мән беріп жүретін елордалық оқушы үйдегі қоқыс жәшіктерін автоматтандырған. Яғни, жәшіктердің қақпақтары адам қолын жақындатқанда өздігінен ашылып, 5 секундтан кейін қайтадан жабылады.

Астаналық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты

Мен қоқыс салғыштардың қақпақтарын қолмен ашу дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі қақпақтағы көзге көрінбейтін микробтар адамның қолында қалып, ішкі ағзасына өтуі мүмкін. Осылайша қақпағы өздігінен ашылатын етіп жасадым,- дейді оқушы Ерлан Бақтығалиұлы.

Болашақта тілші болуды армандайтын оқушы ғылыми жаңалықтарды зерттеп, оны жариялауды қазірден үйреніп жүргенін айтады.

Өзгелердің жаңалығы