Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астаналық азаматша супермаркеттегі сақтау камерасынан «Айфон 12» ұялы телефонын ұрлап кетті, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қаскүнем сақтау камерасының ұяшығына кілтті сәйкестендіріп алған.
Күндізгі уақытта «Магнум» супермаркетінде болған әйел, сақтау камерасының жанындағы сатып алушылардың ағынын пайдаланып, бос ұяшықтың кілтін алып, басқа ұяшықты ашып алған. Ол алып шыққан сөмкеде құны 450 мың теңге тұратын «Айфон 12» телефоны болған.
Бейнебақылау камералары жазбасының көмегімен полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні анықтай алған және ұстаған. Ол 39 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.
Аталған факті бойынша «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер тәркіленді, күдікті мойындау көрсетпелерін берді. Астана аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.