Астаналық әйелдің неліктен көпірден секірмек болғаны белгілі болды

27 Шілде 2023, 04:27
574
Бөлісу:
Астаналық әйелдің неліктен көпірден секірмек болғаны белгілі болды
Фото: видеодан кадр

Астанада егде жастағы әйел жаяу адамдар жүретін көпірден секірмек болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мән-жайды анықтау барысында әйел бұл әрекетімен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен келіспейтінін көрсетпекші болған.

Биыл 6 сәуірде сот органы ҚР Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) және 192-бабының 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша соттаған кәмелеттік жасқа толмағандардың бірі оның ұлы екені анықталды. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген Астана қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы