Астаналық клиникада ауырсыну синдромдарын емдеуге арналған құрал-жабдық пайда болды

18 Қаңтар 2019, 22:58
2462
Бөлісу:
Астаналық клиникада ауырсыну синдромдарын емдеуге арналған құрал-жабдық пайда болды

Астана, BAQ.KZ. №1 қалалық ауруханада нейрофизиологиялық интраоперациялық мониторинг жүйе аппараты таныстырылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Бұл аппарат қалалық стационарларда бұрын-соңды қолданылмаған болатын. Ол ауруханаға әлемдік тәжірибеде пайдаланылатын нейромониторинг режимдерін орындауға мүмкіндік береді. Ол кез келген күрделі операцияларды орындау барысында, соның ішінде Паркинсон және эпилепсия ауруына шалдыққан пациенттерді емдеуде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Құрылғы ауырсыну синдромдарын да емдеуге мүмкіндік береді. Бұл – №1 қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесі дамытып жатқан жұмыс бағыты.
«Мұнда нейрофизиологиялық интраоперациялық мониторинг жүйе аппараты бар. Бұл – ауырсынуды емдеуге арналған құрал. Біз қатты ауырсынуды емдеу жолдарын көрсетуге арналған дәріске қатыстық. Бұл адамға қатты ауырсынудан аз уақытқа болса да, немесе ұзақ уақытқа арылуға көмек беретін емдеу әдісі», - деді «Central Clinic» ауырсыну клиникасының жетекші маманы Рамиль Танкачеев.
Маманның пайымынша, оған нейроаблация және нейромодуляция емдеу-диагностикалық блокадалар жатады.
Бүгінгі таңда бірінші қалалық ауруханада бұл бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жабдықтар бар, ол радиожиілік коагулятор, басқаша айтқанда, ол амбулаториялық хирургия деп аталады. Танкачееваның айтуынша, қазіргі кезде отыздағы немесе жасы отыздан асқан адамдардың көбісі ауырсыну синдромынан зардап шегуде.

 


Өзгелердің жаңалығы