Астанаға Садыр Жапаров келді

Бөлісу:
Астанаға Садыр Жапаров келді
Фото: Ақорда

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қырғыз Президенті Садыр Жапаров 28 қараша күні Астанада өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады. Бұған дейін елімізге Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко келген.

Жиында мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік жағдай, оның ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсері туралы пікір алмасады, ынтымақтастық нәтижелері мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды.

Саммит қорытындысы бойынша тараптар бірқатар құжатқа қол қоюды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы