Астанаға LRT вагондары келді ме?

Бүгiн, 19:14
466
Бөлісу:
Астанаға  LRT вагондары келді ме?
Фото: Видеодан кадр

Астана тұрғындары қалада тасымалданған ерекше құрылымды видеоға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Видеоны жариялаған автор оның LRT вагондары болуы мүмкін екенін болжады.

Шынында да, бұл құрылым сырттай вагонға ұқсайды.

Мүмкін, бұл вагондардың өзі емес, салынып жатқан станциялардың элементтері шығар, – дейді видео авторы.

Кейбір пікір білдірушілер “бұл модульдік үй болуы мүмкін” деген болжам айтады.

Алайда CTS компаниясының баспасөз қызметінің айтуынша, бұл видеоның LRT вагондарына қатысы жоқ екенін растады.

Вагондар әлі әкелінген жоқ, – деп нақтылады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы LRT вагондарының қандай болатыны туралы ақпарат жарияланған болатын. Қытайдың Таншань қаласында Астана LRT жүйесіне арналған алғашқы вагондар құрастырылып жатыр. Барлығы 19 заманауи, жүргізушісіз пойыз жасалады.

Өзгелердің жаңалығы