Астанаға күресуге келген балуанды пышақтап кетті

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Астанаға жарысқа келген спортшылар қонақүйде төбелесті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті.<br> </p>

22 Маусым 2021 2021, 04:15
АВТОР
 22 Маусым 2021 2021, 04:15
22 Маусым 2021 2021, 04:15
2243

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанаға жарысқа келген спортшылар қонақүйде төбелесті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті.

Кеше полицияға Қорғалжын тасжолында орналасқан қонақүйде белгісіз біреу ер адамды пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарлама түсті.

Полиция департаментінің мәліметінше, бір топ спортшы 15 маусым күні астанаға қазақша күрестен республикалық жарысқа Ақтөбе қаласынан келгені анықталды. Жарыс аяқталған соң 20 маусым күні олар қонақүйге келген.

21 жастағы екі ер адамның арасында жанжал шығып, ұрыс соңы төбелеске ұласқан. Біреуі екіншісінің кеуде тұсына пышақ сұққан. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

21 жастағы күдікті ер адам ұсталып, қамауға алынды.

Наверх