Астанаға гастрольдік сапармен Қазақ ұлттық опера және балет театры келді

28 Мамыр 2023, 16:23
645
Бөлісу:
Астанаға гастрольдік сапармен Қазақ ұлттық опера және балет театры келді
Фото: gov.kz

Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольдік сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ұжым елорда көрерменіне Джузеппе Вердидің "Травиата" операсын ұсынғанын айтты.

28 мамырда Алматы театрының Жорж Бизе мен Родион Щедриннің "Кармен-Сюита", сондай-ақ Николай Римский-Корсаковтың музыкасына жазылған "Шехеразада" балетін Астана тұрғындары мен қала қонақтары көре алады.

Айта кетейік, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы да жуырда Алматыға гастрольдік сапармен барып-қайтты. Елордалық театр көрермендердің назарына Арам Хачатурянның "Спартак" балеті мен Вольфганг Амадей Моцарттың музыкасына жазылған "Кішкентай өлім" және "Алты би" бір актілі туындысын ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы