Астанада автобустардың кешігуіне байланысты шағым көбейген. Бұл туралы BAQ.KZ «Астана» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Елордада қазір 98 бағыт бойынша жүретін 850-ден астам автобус бар, тағы 400 қоғамдық көлік пен 900 ден аса жүргізуші жетіспейді.
Ал жауапты сала мамандары автобустардың кешігу жүргізушілердің жетіспеушілігінен екендігін айтқан. Қазір қалада 1,5 мыңға жуық жүргізуші бар екен, тағы 900-і жетпейді. Сондықтан қоғамдық көлікке қатысты шағым азаяр емес.
Күніне 850-ден астам автобус жолаушыларды тасымалдауға шығады. Жалпы 2022 жылы қоғамдық көлікке 52 мыңға жуық шағым болды. Оның 17 мыңнан астамы сол автобусты күту уақытының ұзақтығына, – дейді CTS ЖШС көлік үйлестіру департаментінің бас менеджері Абай Төлеуханов.
Жауаптылар жыл соңына дейін жетіспейтін қоғамдық көлікті толықтай жаңадан алуды жоспарлап отыр.