Астанадан Қызылордаға қосымша әуе рейстері ашылады

Бөлісу:
Астанадан Қызылордаға қосымша әуе рейстері ашылады
Фото: Артём Чурсинов

QAZAQ AIR әуе компаниясы 10 қазаннан бастап Астанадан Қызылордаға қосымша рейстерді іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді рейстер аптасына 5 рет канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 жаңа генерацияланған әуе кемесімен орындалады.

Рейстердің кестесі мынандай:

Сейсенбі, жұма және жексенбі күндері:

IQ 425 Астана (17:15) – Қызылорда (19:10)

IQ 426 Қызылорда (19:40) – Астана (21:20)

Дүйсенбі күндері:

IQ 425 Астана (18: 00) – Қызылорда (20: 00)

IQ 426 Қызылорда (20:40) – Астана (22:30)

Бейсенбі күндері:

IQ 425 Астана (13:30) – Қызылорда (15:40)

IQ 426 Қызылорда (16:10) – Астана (18: 05)

"Ішкі бағыттар бойынша маршруттарды кеңейту – еліміздің экономикалық дамуына ықпал етіп, жолаушылар үшін әуе тасымалының қолжетімділігін арттырады, сонымен қатар, өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі. Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы біздің басты басымдықтарымыз болып қала береді", – деп хабарлады компаниядағылар.

Өзгелердің жаңалығы