Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанадан қатынайтын қосымша 4 қалааралық пойыз іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осылайша, 20 мың қосымша орын пайда болады деп күтілуде.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның мәліметінше, 2 қаңтарда Қарағанды, Көкшетау, Бурабай, Атбасар, Павлодар бағыттары бойынша пойыздар қатынайды.
Айта кетерлігі, Ақмола, Абай және Жетісу облыстарында жол жабылды. Сонымен қатар Ақмола облысы, Көкшетау-Атбасар, Зеренді-Атбасар қаласына дейін көлік қозғалысына шектеу енгізілді. 2-4 қаңтар аралығында еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды. Бірнеше өңірде боран, көктайғақ, жауын-шашын болуы ықтимал.
ТЖМ дауылды ескерту кезінде алыс сапарға шықпауға кеңес береді.