Бұл жолы Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 700 тоннадан астам өнім жеткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оған Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 700 тоннадан астам өнім жеткізілген.
Астана тұрғындары кезекті жәрмеңкеге таңертеңнен келе бастады. Олар мұнда жаңадан келген ет, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістерді арзан бағамен сатып алуға болатындығын біледі.
Бүгін жәрмеңкеге бірінші рет келдім. Мұнда Катонқарағайдың танымал балын алғым келді. Сонымен қатар жұмыртқа, сүзбе және қаймақ сатып алдым. Ертең тағы келемін, өйткені бүгін бәрін көтеріп әкету қиын, - дейді елордалық тұрғын Светлана Алексеева.
Екі өңірдің аграршылары елорда тұрғындарына өнімдердің кең ассортиментін ұсынады.
Оның ішінде: 49,2 тонна бал, 2 тонна шұжық өнімдері, 8 тонна сүт өнімдері, 16 тонна өсімдік майы, 3 тонна ұн мен жарма, 9 тонна балық, 29,8 тонна ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының еті, 4 тонна қымыз және ұлттық бұйымдар, 700 литр алкогольсіз сусындар және басқалар.
Айта кетейік, жәрмеңке Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайында орналасқан Шабыт университеті ғимаратының алаңында өтіп жатыр.