Германия Федеративтік Республикасы Қарулы күштері делегациясының өкілдері Ұлттық қорғаныс университетінде көшбасшылық және азаматтық білім беру мәселелері бойынша семинар өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Семинарда көшбасшылық мәдениеті мен философиясы, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы көшбасшылыққа төнетін сын-тегеуріндер ұсынылды.
Бұдан бөлек саяси, тарихи, мәдениетаралық және этикалық аспектілерді, отбасы мен қызметтің үйлесімділігін ескере отырып, жеке тұлғаны тәрбиелеу тақырыптары сөз болды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 қарарын іске асыру шеңберінде Қарулы күштердегі әйелдердің рөлі де атап өтілді.
Сапар бағдарламасы бойынша Германия делегациясының мүшелері ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайында, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде болып, елорданың көрікті жерлерімен танысты.