Астанадағы Президенттік саябақта тротуарда көлікпен жүрген жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Ер адам көлігімен тротуарда жүрген.

Бүгiн 2026, 19:15
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев Бүгiн 2026, 19:15
Бүгiн 2026, 19:15
141
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Астана сотында қалада қоғамдық тәртіпті бұзған жүргізушіге қатысты ұсақ бұзақылық туралы әкімшілік іс қаралды.

Сот мәліметінше, ер адам автокөлікті басқара отырып, Президенттік саябақ аумағындағы тротуармен жүріп өткен. Кейіннен бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болып, интернетте тез тарап кетті.

Сот талқылауы барысында жүргізуші кінәсін мойындады. Оның айтуынша, ол тротуарға әдейі шықпаған және бұл жерде қозғалысқа тыйым салынғанынан хабарсыз болған. Сондай-ақ видеоны оның танысы телефонға түсіргені анықталды.

Бұған қоса, оның жүргізуші куәлігі болмағаны және бұған дейін де басқа құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Әкімшілік жаза қолдану кезінде сот жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, оның қасақана әрі демонстративті түрде жасалғанын, іс-әрекеттің әлеуметтік желілер арқылы құқыққа қайшы мінез-құлықты көпшілікке көрсетуге бағытталғанын, сондай-ақ құқық бұзушының жеке басы туралы мәліметтерді ескерді, – деп хабарлады Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Қорытындылай келе, ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Наверх