Астанадағы полигонда өртенген қоқыс сөндірілді

Қоқыстың жануы алдын ала 1200 шаршы метр аумақта оқшауланды.

 ТЖМ баспасөз қызметі 29 Шілде 2025 2025, 09:27
29 Шілде 2025 2025, 09:27
668
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігі елордадағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өрттің оқшауланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде Астана қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны аумағындағы қоқыстың жануы алдын ала 1200 шаршы метр аумақта оқшауланды, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Белгілі болғандай, зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, Астанадағы Байқоңыр ауданы, Алаш тас жолы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс өртенгенін хабарлаған болатынбыз.

Наверх