Астанадағы өрт. Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ

19 Маусым 2023, 17:44
658
Бөлісу:
Астанадағы өрт. Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ
Фото: BAQ.KZ

Премьер-министр Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың Астана маңындағы қураған қамыстың тұтануынан басталған өртті сөндіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратын тыңдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ басшысының айтуынша, Талдыкөл жақтағы сортаң жерде шамамен 15 га алқапта қамыс пен қураған ағаштар жанып жатыр.

Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге 158 адам және 33 техника жұмылдырылды. Оны сөндіру жел екпінінің қаттылығы, батпақ жерлер, сондай-ақ техника өтетін жолдардың болмауы себебінен қиынға соғуда.

Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министріне арнайы күштер мен техника жұмылдыру жұмыстарын күшейтіп, тілсіз жауды ауыздықтау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды 
 

Өзгелердің жаңалығы