Астанадағы өрт. Ақмола мен Қарағанды облыстарынан көмек келеді

19 Маусым 2023, 20:46
765
Бөлісу:
Астанадағы өрт. Ақмола мен Қарағанды облыстарынан көмек келеді
Фото: Артём Чурсинов

Нұра ауданында Талдыкөл көлінің маңында сортаңды жерде алдын шамамен 50 га алаңда қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнында ТЖ-ды жылдам жою үшін күштер мен құралдарды жедел бөлу мәселесін бақылауда ұстап отыр.

Елордалық өрт сөндірушілердің 143 адамы және 21 техникасы, ЖАО-дан 11 адам және 10 суару жуғыш машина, 1 трактор және "Астана орманынан" 10 адам және 4 техника, оның ішінде 1 трактор жұмылдырылды.

2 трактор жану периметрі бойынша жерді жыртып жатыр.

Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы жұмыс істеп жатыр.

Ауа температурасы +23 С. Оңтүстік бағытта соққан екпінді желдің жылдамдығы 15 м/с.

Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ. Қорғаныс министрлігінің су төгетін құрылғылары бар 2 тікұшағы тартылды, 18 рет шамамен 63 тонна су төгінді.

ТЖ министрі Сырым Шәріпхановтың тапсырмасы бойынша Ақмола және Қарағанды облыстарының ТЖД күштері мен құралдарының қосымша тобы келе жатыр.

Өзгелердің жаңалығы