Астананың Сарыарқа ауданының мешітінде полиция пышақ ұстаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан үсті-басы қан адамның пышақ ұстап, полиция қызметкерлерін өзіне жақындатпай тұрғанын байқауға болады.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам ұсталды. Оның қолында өзі жасаған пышақ болған.
Ол 2006 жылдан бері нейропсихиатриялық диспансерде есепте тұрады, жасы - 36-да. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды, - дейді Астана ПД.
Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.