Астанада LRT желісі бойынша бағдаршамдар пайда болды. CTS компаниясы олардың не үшін қажет екенін түсіндірді.
LRT желісінің станцияларында, аралық учаскелерде және депода 187 жарықдиодты бағдаршам орнатылған. Негізгі қозғалысты басқару автоматтандырылған жүйе арқылы жүзеге асырылады, алайда бағдаршамдар резервтік қауіпсіздік жүйесінің маңызды рөлін атқарады. Олар төтенше жағдайларда пойыз қозғалысын бақылауды қамтамасыз етеді және маневрлік жұмыстар кезінде қолданылады. Бұл жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қосымша қорғаныс деңгейі, - деп түсіндірді CTS баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Астанада жұмысшылардың LRT вагондарын қолмен итеріп жүрген видеосы тараған болатын.
Сондай-ақ, LRT тарифі бекітілетінін, бір реттік жол жүру құны қанша теңге болатыны айтылды.
Одан кейін Астана тұрғыны көлігін LRT конструкциясынан аққан суға жуып, көпшіліктің көзіне түсті.