Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанадағы көктайғақ салдарынан 300 адам зардап шеккен

Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астанада түнімен жауған жаңбырдың соңы көктайғаққа ұласты. Соның салдарынан Жаңа жыл қарсаңында қоғамдық көліктер жылдамдығын бәсеңдетті. Қалада жол апаты да жиілеп, ауруханада түсушілер қатары артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа жыл алдында елордада көктайғақ болып, жолдарда көлік кептелісі белең алды. Таңнан бері 100-ден астам жол апаты тіркелгенін полиция департаменті мәлімдеді. Бүгін тек Арқада емес, елдің басым бөлігінде жағдай осындай. Сынап бағанасы 0 градусқа дейін төмендеп, қатқан мұз біртіндеп еріп жатыр. Астаналық дәрігерлер далаға шығарда ыңғайлы аяқ-киім киіп, абай жүруге шақырады. Себебі, көк мұзға омақаса құлап, аяқ-қолын шығарып дәрігерге қаралғандардың саны басым, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Таңғы сағат 7-ден бастап адамдар келе бастады. Енді халық жұмысқа шығады. Сол жұмысқа шыққандардың көшеде құлағаны бар. Сағат төртке дейін 44 адам қаралды. Оның ішінде сегіз адам ауруханаға жатқызылды. Иығы, білегі сынғандар Ортопедия ғылыми орталығына кетті, – деп мәлімдеді Астана қаласы №3 көпбейінді аурухананың хирургиялық істері жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Ұлықбек Асылбеков.

Өзгелердің жаңалығы