Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанадағы даңғылдың бірі 30 желтоқсанға дейін жартылай жабылды

15 Желтоқсан 2024, 11:11
583
Бөлісу:

Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігінде LRT құрылысына байланысты 2024 жылғы 30 желтоқсанға дейін көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

City Transportation System хабарлауынша, №105 станциясында қаңылтыр қоршаулар демонтаждалады.

Осыған байланысты Қабанбай батыр даңғылының "Астана Жұлдызы" аялдамасынан Хусейн бен Талал көшесі бағытындағы бір жолағы 100 метрге ішінара жабылады, - делінген хабарламада.

Компания Астана тұрғындары мен қонақтарына уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінді.

Өзгелердің жаңалығы