Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Үкіметте өткен баспасөз брифингінде Астанадағы азық-түлік бағасының неге қымбат екенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, елордадағы бағалар Алматыдағы бағалардан өзгеше, ал Шымкенттегі жағдай тіпті басқаша.
Шымкенттегі бағаларды көрсеңіз, таң қаласыз. Барсаңыз, қызанақтың, мандариннің, апельсиннің бағасын қараңыз: ол жақта әлдеқайда арзан. Бірақ сол мандарин, апельсин, қызанақтарды осында жеткізгенде көлік шығындарынан бөлек, сақтау шығындары да бар. Мұнда сақтау тәсілі мүлде басқа, ауа райы суық. Бұл да қосымша шығын, – деп түсіндірді вице-министр.
Сонымен қатар ол баға айырмашылығына менталитеттің де әсер ететінін жасырмады.
Оңтүстіктегі саудагерлердің қоятын маржасы, жалпы менталитеті Астанадан өзгеше. Халық көп болғандықтан, олар аз пайдаға да жұмыс істей береді. Ал мұнда үстемеақы жоғарырақ қойылады. Мен барлық өнім туралы айтып отырмын. Бұл барлық азық-түлікке қатысты, - деді Айдар Әбілдабеков.