Астанада 9-10 қараша күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өз жұмысын жалғастырады,деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» СОО-да өтеді. жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін өтеді.
Келушілер Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілерден жаңа өнімдер сатып ала алады.
Жәрмеңкеге қатысушылар жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. ұсынады.