Астана әкімдігі мен "Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС арасындағы ақылы тұрақ туралы шарттың талаптары қайта қаралмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұдан былай серіктестік табысының 25 пайызына дейінгі мөлшері елорда қазынасын толықтыратын болады.
Бұл орайда айыппұлдардың барлық сомасы қала бюджетіне түсетінін ескертеміз. Ал автотұрақтар ақысының 25 пайызына дейін енді Астана бюджетіне бағытталады, - деп түсіндірді әкімдіктен.
Айта кетейік, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің шарты жасалған сәттен бастап, яғни, 2018 жылғы қарашадан 2022 жылғы желтоқсанға дейін тараптар арасындағы табысты бөлу былай болған: мемлекеттік әріптеске – 5 пайыз, жеке серіктестікке – 95 пайыз.