Елордада «Астана-Теплотранзит» АҚ елорда тұрғындарын жылу желілерін судың орынсыз шығыны мен ықтимал ағып кетуіне байланысты тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы қала әкімдігіне қарасты «iKomek109» мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мәлімдеді.
Компания жылу желісінің суына натрий флуоресцеинінің органикалық бояуын қосады. Бұл құбырлардың жасырын ақаулары, су жылытқыштары мен тұтынушылардың жылу желілерінің бекіту арматурасының тығыздығы, сондай-ақ өндірістік және тұрмыстық қажеттіліктерге желілік судың ұрлануы туралы желілік судың ысырабын анықтайды.
Ыстық су шүмегінен жасыл флуоресцентті судың ағуы көзге байқалған жағдайда, астаналықтарға дереу мына нөмерлерге хабарлау қажет:
«ikomek 109» қызметі;
«Астана-Теплотранзит» АҚ жедел-диспетчерлік қызметі 77 12 00, 77 12 11;
Іске қосу қызметінің диспетчері (жұмыс күндері 8:00-12:00 13:00-17:00) телефондары бойынша:
- 79 88 97 (Есіл ауданы),
- 79 21 60 (ішкі код 102) (Сарыарқа / Байқоңыр ауданы),
- 77 12 92 (Алматы/Байқоңыр ауданы).