Ертең, 15 тамыз күні Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін қалалық Бос орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Іс-шара Жоғары Политехникалық колледж аумағында өтеді. Құрылыс, өндіріс, сауда, қаржы, көлік және қоймалау сияқты түрлі салаларда 1168-ден астам бос орын ұсынуға дайын 70-тен астам жұмыс берушілер болады.
Өтетін орны: Бейбітшілік көшесі, 39;
Басталуы: сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін;
Байланыс: + 7 708 904 75 72 Аманжол Айтқазин (баспасөз хатшысы).