Астана қаласының Нұра ауданында Ш.Айтматов пен Сығанақ көшелерінің қиылысында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға туралы хабар түскен бойда ТЖМ бөлімшелері жедел түрде оқиға орнына жетті.
Өрт сөндірушілер келген кезде жүк көлігінің кабинасы ашық жалынмен жанып жатқан. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндірілді, – делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми аккаунтында.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.