Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жабылды

13 Мамыр 2025, 04:22
581
Бөлісу:
 Архив
Фото: Архив

Астанада ауа райының жылынуына байланысты жол-құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігінің мәліметінше, кейбір көшелерде қозғалыс ішінара немесе толықтай шектелген. Жолдарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, балама қозғалыс бағыттары ұйымдастырылған.

Толығымен жабылған көшелер:

  • 20 сәуір – 20 тамыз: Бұқар Жырау көшесі – Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Қайсенов көшесіне дейін.
  • 9 сәуір – 30 тамыз: Күйші Дина көшесі – Мирас мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейін.
  • 29 сәуір – 30 тамыз: Ж.Молдағалиев көшесі – Е-41 көшесінен Е-32 көшесіне дейін.

Ішінара жабылған көшелер:

  • 11–18 мамыр: Күршім көшесі – Болашақ көшесінен Жаңақоныс көшесіне дейін.
  • 11–17 мамыр: Ш. Айтматов көшесі – Ж.Молдағалиевтен Ұлы Дала даңғылына дейін.
  • 10–20 мамыр: Арқар көпірі (М1).
  • 9–13 мамыр: Абылай хан даңғылы – Манас көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейін.
  • 9–19 мамыр: М.Жұмабаев даңғылы – Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейін.
  • 8–13 мамыр: Алаш тасжолы – 191-көшеден 69-көшеге дейін.
  • 5–15 мамыр: Кенесары көшесі – Ә.Сембинов көшесінен Е.Брусиловский көшесіне дейін.
  • 1 мамыр – 1 тамыз: Ш. Бейсекова көшесі мен Н.Тілендиев даңғылы қиылысындағы көлік айырбасы.
  • 12–15 мамыр: Фахт бен Абдул Азиз және С.Қожахметов көшелері – Ш. Бейсековадан К.Байсейітова көшесіне дейін.

Қала әкімдігі тұрғындар мен жүргізушілерге қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауға және орнатылған уақытша белгілерге назар аударуға кеңес береді. Жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданған.

Өзгелердің жаңалығы