Астанада жол саласында қызмет ететін зертханашылардың алғашқы форумы өтті

13 Сәуір 2023, 09:15
692
Бөлісу:
Астанада жол саласында қызмет ететін зертханашылардың алғашқы форумы өтті
Фото: ИИДМ

Ғылым қызметкерлері күніне орай Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының базасында жол-құрылыс саласындағы сапаны бақылау қызметтерінде еңбек ететін қызметкерлердің алғашқы форумы болып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көзделген негізгі мақсат – салада жұмыс істейтін әріптестердің өзара танысып, тәжірибе алмасуы, ортақ міндеттер мен мақсаттарды анықтау.

Аталған шараға 30-ға жуық маман, атап айтқанда зертханалардың жетекшілері мен қызметкерлері, сондай-ақ техникалық қадағалау инжинирингтік қызметтерінің өкілдері қатысты.

Спикерлердің сөз сөйлеуі барысында семинарға қатысушылар инженерлердің рөлі, халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін жолдарды салуға техникалық қадағалау мамандарының жауапкершілігі және басқа қызықты тақырыптар шеңберінде қызу пікірталастар өткізді.

Мұндай іс-шаралар автожол саласы үшін өте маңызды. Бұл ретте тәжірибе мен білім алмасудың зияткерлік алаңы ретінде ғылыми институттың маңызы зор. Жол құрылысшыларының мәртебесі мен имиджін одан әрі арттыру қажет, - деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ сынақ зертханасының басшысы Мейрамгүл Қабдығалиева.

Жеке сессия шеңберінде семинарға қатысушылар жолшылардың біліктілік базасын және жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасын құру жөніндегі институттың жобаларымен, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу алгоритмімен танысты. Сонымен қатар сарапшылармен аталған технологияларды іске асыру туралы өз көзқарастарымен бөлісті.

Семинарда мамандар материалдардың сапасы, жобалау, нормативтік құжаттардың әртүрлі оқылуы, жол құрылысындағы буындар арасындағы міндеттемелер мәселелерін көтерді. Өйткені форум өндірушілерге арналған, ал олар өз кезегінде автожолшылардың проблемаларымен жақсы таныс, - деді Мейрамгүл Қабдығалиева.

Өзгелердің жаңалығы