Елордада таңертең аз тоннажды жүк көлігімен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы машинаның ішінде қысылып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу шақыру орнына шығып, гидравликалық құралдардың көмегімен автокөліктің есіктерін ашып, зардап шеккендерді жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады, - деді құтқарушылар.