Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада жоғалған екі бала аман-есен табылды

3 Қаңтар 2026, 21:50
332
Бөлісу:
 Скриншот
VIDEO
Фото: Скриншот

Бүгін Астана қаласының Есіл ауданында Майбалық көлі маңында серуендеу кезінде адасып кеткен екі баланы іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іздеу жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, кинологиялық есептоп, ұшқышсыз ұшу аппараты және жол талғамайтын көлік тартылды. Мамандар аумақты жан-жақты тексерді.

Нәтижесінде 2012 жылы туған екі бала Майбалық көлі маңындағы ашық алаңнан табылып, анасына аман-есен тапсырылды. Балалардың денсаулығы жақсы, медициналық көмек қажет болған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы