Елордалық өрт сөндірушілер жиһаз цехындағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сағат таңғы 8:44-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Көктал к., бойынша жоғары дәрежеде шақырылған.
Дереу елордалық өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылған. Өрт ауданы алдын ала болжам бойынша 500 ш.м.
Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.