Астана, BAQ.KZ. Әкімдікте жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау жолдары туралы айтылды, деп xабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Астанада кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламаларымен қатар бес жергілікті бағдарлама жүзеге асырылуда:
"Астана Бизнес", "Astana ZhasStart", "Astana StartUp", "Astana Service", "Astana Retail", деп хабарлады қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы.
Оларды іске асыру басталғаннан бері 167 жоба қолдау тапты. "Бизнестің жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1 090 жоба қолдау көрсетіліп, жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында "Еңбек" 65 жоба қаржыландырылды.
"Бағдарламаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсері қазіргі уақытта қолда бар 9 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, 6 300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды", - деп атап өтті ведомстводан.