Астанада Жеңіс даңғылындағы учаске уақытша жабылды

Астанада Жеңіс даңғылында жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайты.

16 Маусым 2023 2023, 17:37
АВТОР
 Елорда әкімдігі 16 Маусым 2023 2023, 17:37
16 Маусым 2023 2023, 17:37
1158
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада Жеңіс даңғылында жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімдік Жеңіс даңғылындағы Бөгенбай батыр даңғылынан Абай көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемін орташа жөндеу жұмысын жүргізуде.

Осыған байланысты 16-18 маусым күндері аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Наверх