Астанада полицейлер жанып жатқан автокөлікті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астана қаласында аймақты патрульдеу барысында патрульдік полиция полкының қызметкерлері, полиция аға лейтенанттары Жандос Танлашев пен Тұрар Арап, техникалық ақаудың салдарынан отқа оранған сұр түсті автокөлікті байқап қалған. Оқиға жолдың қарсы бетінде болған. Өртті көрген полицейлер дереу бұрылып, оқиға орнына жеткен.
Өртеніп кете жаздады. Толық өртеніп кететін еді. Анау бағдаршам жақтан келем дегенше түтін шықпаса да келгенде лапылдап от жанып жатыр. Полиция қызметкерлері өртсөндіргішпен құтқарып қалмағанда толық өртеніп кетер еді. Машина қайта толығымен өртенбей қалды. Көп-көп рахмет, жігіттер, - деп алғысын білддірді көлік иесі.