15 наурызда Астана қаласы Байқоңыр ауданында өрт сөндірушілер жеңіл автокөліктің ыстық бөліктеріндегі өртті жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында жеке құрамнан 5 адам және ТЖД 1 автоцистернасы жұмылдырылған.
Осылайша, көліктен шыққан өрт сөндірілді.
ТЖМ естеріңізге салады:
- Егер өрт қозғалыс кезінде орын алса, жол жиегіне жақындап тоқтау керек.
- Қозғалтқышты өшіріп, көлікті қол тежегішіне қою керек.
- Барлық жолаушыларды салоннан шығарып, құжаттарды алып, өрт туралы 101 немесе 112 телефондары арқылы хабарлау қажет.