Астанада жеңіл атлетикадан турнир өтеді

Бөлісу:
Астанада жеңіл атлетикадан турнир өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астанада 23 ақпан күні Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде әуесқойлар арасында жеңіл атлетикадан жыл сайын өтетін INDOOR RUN ASTANA 2025 турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Турнирдің басты мақсаты – жеңіл атлетиканы насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын дәріптеу, - деп жазылған елорда әкімдігінің хабарламасында.

Жарыс бағдарламасына мына қашықтықтар енеді: 600 м, 1000 м, 1 миль, 2000 м, 3000 м жүгіру, аралас эстафеталық жүгіру және критериум жарысы.

Турнирге еліміздің 10 аймағынан 25-тен астам жүгіру клубының 110-нан аса әуесқой спортшысы өтініш берді. Сондай-ақ, жарысқа Ресей Федерациясынан әуесқой спортшылар қатысады. Өткен жылдағыдай, зияткерлік даму ерекшеліктері бар жандар да турнирде өнер көрсетеді.

Ресми ашылу рәсімі – 09:30;

Жарыстың басталуы – 09:50.

Өзгелердің жаңалығы