Астанада жастарға тегін медициналық кеңес беріледі

2 Наурыз 2023, 23:18
849
Бөлісу:
Астанада жастарға тегін медициналық кеңес беріледі
Фото: BAQ.KZ Астана қаласының әкімдігі

Астанада жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы тақырыбында Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жастар денсаулық орталықтары – бұл еріктілік, қолжетімділік, ізгі ниет және сенім қағидаттарына негізделген, бұл жасөспірімдер мен жастарға кеңес беру мен қызмет көрсетудің халықаралық деңгейде танылған интеграцияланған жүйесі. Орталықтарда жастар өздері үшін қажетті кеңестер мен мамандардың көмегін ала алады.

3 наурыз күні №6 қалалық емхананың Жастар денсаулық орталығы базасында келесі мамандардың тегін консультациялары ұйымдастырылады:

Дерматолог (14:00-20:00);

Гинеколог (8:00-18:00);

Уролог (14:00-20:00);

Психолог (8:00-18:00);

Заңгер (8:00-18:00);

Әлеуметтік қызметкер (8:00-18:00).

Күні бойы бейінді мамандар консультативтік қабылдаулар өткізетін болады, сондай-ақ тренингтер, үстел ойындары ұйымдастырылады.

Барлық ниет білдірген 14 жастан 29 жасқа дейінгі азаматтар Аманат көшесі, 3, 5 қабат, 511 кабинетке жүгіне алады.

Өзгелердің жаңалығы